Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында әйел өзін туған әкесінің зорлағанын айтып шағымданды

Қарағанды облысы, Шахтинск қаласында тұратын 30 жастағы әйел өзін туған әкесінің ұрып және зорлағанын айтып шағымданды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Қалалық аурухана мамандарының көмегіне жүгінген 1987 жылы туған азаматша өз әкесінен таяқ жеп, оның мұны зорлауға әрекеттенгенін айтты. Әйел бас-ми жарақатын алған.

Отбасы бәрі бірге тұрады екен. Ішімдік ішкен ер адам өзінің туған қызына жыныстық қысым көрсеткен.

“Аталған факті бойынша сот алды тексеру жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды”, – деп хабарлады ІІД.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы полициясы бір жасар баласын көшеге тастап кеткен әйелді тапты

Ақмолалық азамат өзгенің әйелімен төсектес болған ауылдасын бопсалаған

Алматыда анасы бір жасар баласын түнде далаға тастап кеткен

Супермаркет күзетшісімен болған жанжалдан кейін балаға дәрігердің көмегі қажет болды

Талқылау