Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында аса қауіпті лаңкестік топ құрықталды

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында автомат асынған арнайы жасақты көрген тұрғындар үрейленіп қалған. Күштік құрылымдар қаладағы аса қауіпті радикалды топты қолға түсірді. Әзірге лаңкестік топтың қандай әрекет ұйымдастырмақ болған құпияда ұсталып отыр.

Қарағанды облысында аса қауіпті лаңкестік топ құрықталды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік қызметі радикалды топтың үш мүшесі ұсталғанын мәлімдеді. Лаңкестік топ мүшелерінен суық қарулар мен діни материалдар тәркіленген.

Олар террористік топ құрып, лаңкестік актілерге қатысқан деп айыпталып отыр.

Тергеу жүріп жатқандықтан, қосымша ақпараттар таратылмай отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау