Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында 8 жасар бүлдіршінді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Қарағанды облысының Шахан ауылының тұрғыны 8 жасар бүлдіршінді өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

11219055

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияровтың мәлімдеуінше, 13 сәуір күні полиция бөліміне 2007 жылы дүниеге келген баланың жоғалғаны жайлы анасы хабарлаған.

«Хабарлама түскеннен 3 сағат өткен соң баланы ұрлаған күдікті ұсталды. 53 жастағы ер адам бүлдіршінді пәтеріне шақырып, сол жерде тұншықтырған. Полицейлер кінәсіз сәбидің өлі денесін балконнан тапқан. Күдікті мас күйінде ұсталған. Сондай-ақ ол суық қару кезеніп, полицейлерге қарсылық көрсеткен», – дейді Бақытжан Құдияров.

Аталған іс «Адам өлтіру» баба бойынша тіркелді. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Талқылау