Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында 52 жастағы ер адамды құлдықта ұстап келген

Қарағанды облысының полиция қызметкерлері бас бостандығын заңсыз айыруға байланысты қылмысты ашты. Бұл жайында аймақтық ІІД хабарлады.

009

Сурет: www.vokrugsveta.ru 

«11 шілде күні 50 жастағы әйел Қарағанды облысының тұрғыны – 52 жастағы ағасының бас бостандығының заңсыз шектелуі туралы полицияға шағым түсірген. Жаңаарқа ауданындағы жедел-іздестіру шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері зардап шегушінің орналасқан жерін тапты. Зардап шегуші осы қыстақта бір жылдан астам уақыт қамауда болғанын, мәжбүрлі түрде шаруашылық жұмыстарын атқарып, қой баққанын айтты», – делінген хабарламада.

Полиция ақпараты бойынша, қыстақтан басқа да жұмысшыларды – үш ер адам мен бір әйелді тапқан.

«Олар куәгер ретінде түсініктеме берді, бірақ бас бостандығынан заңсыз айыру туралы арыз жазбады», – деп толықтырды ІІД баспасөз қызметі.

Аталған факт ҚР ҚК 126 бабы, 3-тармағы, 2 бөлімі («Адамды қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру») бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

“Қайтыс болған” Теміртау тұрғыны 17 жылын құлдықта өткізген

Бішкекте қырғызстандықтарды Қазақстанға құлдыққа сатып жүрген ер адам ұсталды

Ресейлік 4 жыл бойы Қызылқұмда құлдықта болған

Ресейлік журналист Қарағанды облысында отбасыны құлдықтан құтқарып қалды

Талқылау