Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында 11 сынып оқушысы 7 жылға сотталды

Өзімен жасты баланы ұрып өлтірген жезқазғандық Павел Виноградов 11-сыныпты түрмеде тәмамдайды. Алайда бұл шешіммен Павелдің қолынан қайтыс болған Константиннің туыстары келіспей отыр, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

Қарағанды облысында оқушы 7 жылға сотталды

Константин Даниловтың туыстарының айтуынша, 7 жыл өте аз. Ал сот қызметкерлері қылмыскерге тиісті қолданылғанын айтуда.  Себебі Павел әлі кәмелеттік емес.

Айта кетсек, мектеп бітіру кешінен кейін қатты таяқ жеген жас түлек Жезқазған қаласында ес-түссіз күйінде табылған болатын. Оқиға орнына келген дәрігерлерлер Константинді ажалдан арашалап ала алмады.  Полиция күдікті 10-шы сынып оқушысы Павелді бірден  қамауға алған еді.

«Сот шешімімен келіспейміз, алайда аппеляцияға бермейміз. Қорғаушылардың айтуынша бұдан еш пайда болмайды. 18-ге әлі толмаған. Сот процесі кезінде еш өкінбестан прокурормен айтысып отырды. Ең жаманы, осы қылмыскер 3 жылдан соң мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін», – дейді Татьяна Данилова, марқұмның әжесі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау