Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында үшем өмірге келді

Қарағанды облысында көпбалалы ана үшемді өмірге әкелді. Аяла, Айым, Сезім есімді қыз балалар өмірге келді.

Фото: yunews.kz

“Жылдың басы осындай қуанышты жаңалықпен басталды. Қазір анасы мен балалардың жағдайы жақсы. Сәбилер өзін жақсы сезінеді”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

34 жастағы Жайрем кентінің тұрғыны үшемнің анасы атанды. Дәрігерлер балалардың ЭКО-сыз табиғи жолмен өмірге келгенін айтты. Ботагөздің үшемнің алдында тұңғышы бар.

Жүктілік қалыпты өтті. Мерзімінде өмірге келді. Үлкенінің салмағы 1 келі 800 грамм, екіншісі 1 келі 765 грамм, үшіншісі 1 келі 640 грамм болды. Бойлары 44-43 см.

Перинатарлық орталықтың қызметкерлері барлық жағдайды жасап жатыр.

“Қазір сәбилер анасыны қасында. Балалар тез өсуі үшін анасының жанында болғаны жақсы. Осылайша тез салмақ қосады”, – дейді дәрігерлер.

Ана мен балалардың қашан үйіне шығарылатыны белгісіз. Сәбилер қалыпты жағдайға жеткенше, шығатын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр