Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды мұражайына Мәди Бәпиұлының шоқпары тапсырылды

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына атақты әнші-сазгер, ақын Мәди Бәпиұлының қолданған шоқпары тапсырылды.f57f1a5b07721502a697a5e3b0075d50_L

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Атақты әнші Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Мәди Бәпиұлы Қазыбек бидің ұрпағы. Қара домбырасын серік еткен әншінің халық арасына «Үш қара», «Шіркін-ай», «Қаракесек» туындылары кең тарап, тіпті алғашқы қазақ операсында да шырқалған. Балалық шағынан өзінің әнімен және домбырадағы ойынымен даңқы шыққан. Ол Ақан сері, Біржан сал сияқты әнші-ақындармен кездесе жүріп, ол бұл халықтық өнерді жете меңгереді.

Ақынның заттарын мұражай қорына досының туыстары тапсырды.

“Ұлы адамдармен ақылдасып, ол кісінің заттарын мұражайға тапсырған дұрыс деп шештік. Осында тұрып, халықтың көргені жақсы”, – дейді қала тұрғыны Құдайберген Бәкиев.

Талқылау