Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды көшелерінде жол бағдарлаушы аққала пайда болды

Қарағандылық коммуналдық қызмет өкілдері жол жөндеу жұмыстарына байланысты туындаған қолайсыздық үшін тұрғындардан ерекше әдіспен кешірім сұрады. Бұл туралы КТК арнасында көрсетілді.

8888

Олар қазылған шұңқырлардың жанына аққала жасап қойған. Бұл жерде бірнеше айдан бері жөндеу жүргізіліп жатыр. Жұмысшылар болса көлік жүргізушілерінің көңілін көтеру үшін аққала тұрғызып қойыпты.

9999

Ал көшенің әр тұсындағы шұңқыр кесірінен көлік кептелісі қиындап тұр. Аққаланы құр соғып қана қоймай, оны “бағдарлаушы” ретінде жасаған. Коммуналдық қызметкерлердің бұл тапқырлығы қалалықтардың көңілінен шыққан секілді. Бірақ, әйтседе жөндеудің тезірек біткенін қалайды.

77777

“Таң бозынан жұмысқа асыққан жандардың көңілін аулағымыз келді. КамАЗ жұмыс істеп жатқан кезде, біз осыны жасадық”, – дейді дәнекерлеуші Петр Кузьмин.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда ҰБТ форматы ауыстырылды

Қазақстандық шенеуніктердің татуировка салып жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Бекболат Тілеухан ұшақ салондарында қазақ әуенінің ойнап тұруын талап етті

АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жетті

Талқылау