Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды кеншілері бүркіттің балапанын құтқарып қалды

Шұбаркөл көмір кенішінің қызметкерлері қанаты қираған бүркіттің түлегін құтқарып қалды. Жаралы құсты слесарь Николай Алехин тауып алып, оны арнайы дәрігерге алып келген.

147444

© ERG

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Құсты емдеуге кететін барлық шығынды “Шұбаркөл көмір” АҚ өз мойнына алған. Құс қанатын қатайьтқан кезде, оны Қарағандыдағы зообаққа жібермек.

147

Қысты күндері кеншілер дала түлкілерін де жиі тамақтандырып күтеді. Ал көктемде олар аққулар келіп қоныстанатын өзен жағасына қарай асығады екен.

1474

Ал экологиялық тұрғыдан алып қарағанда “Шұбаркөл көмір” АҚ-ның да мәселесі бар. Былтырғы жылы бұл көмір кеніші қоршаған ортаны қорғау саласына 66 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған. Қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікке үн қосқаны үшін бұл акционерлік қауымдастық республикалық байқаудың “парыз” аталымы бойынша жеңімпаз да атанған.

Талқылау