Қарағанды дәріханасында ер адам тыр жалаңаш шешініп, стриптиз билеген

Қарағанды ​​қаласындағы дәріханалардың бірінде ішімдікке сылқия тойып алған ер адам жалаңаштанып стриптиз билеген. Ол дәріхана сатушысынан осындай жолмен медициналық көмек алмақшы болған. Алайда өз мақсатын жүзеге асыра алмаған дәріхана келушісі, оқиға орнынан қашып үлгерді. Ал қорланған сатушы ер адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуды өтініп, сотқа шағымданды.

Бұл туралы ekaraganda.kz-ке сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Кейін ер адамның дәріханаға сутегі тотығы мен дәке сатып алу үшін келгені белгілі болды. Ішімдікке сылқия тойып алған ер адам сатушыдан ит тістеген жарақатын емдеп беруді өтінген. Бірақ сатушы дәріханада мұндай көмек көрсетілмейтінін айтып, оның ұсынысынан бас тартқан.

Сол сәтте ер адам тыр жалаңаш шешініп тастап, сатушыға жыныстық мүшесін көрсетіп, қорлаған. Ол дәріхана сатушысына өзінің жыныстық мүшесіне қарауын сұрап, мазақ қылған. Әйел ер адамға дәріханадан кетуді талап етіп, ескерту жасаған. Ескертуіне құлақ аспағанын түсінген әйел дабыл батырмасын басып көмек шақырған. Содан кейін ғана, ұяттан безген еркек дәріханадан қашып үлгеген.

Айта кетейік, айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының «бұзақылық» 1-тармағына сәйкес өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне ұялатынын айтып кешірім сұрады. Кейіннен арызданушы әйел айыпталушыға кешірім беріп арызын қайтарып алды.

Жіберіп алмаңыз:

30 мың теңгеге: Қарағандыда өз қызын сатпақ болған әйел ісі сотта қаралды

Қазақтың әмеңгерлік дәстүрі жайлы не білеміз: Дінімізде оған қарсылық жоқ па?

Шымкентте ақыл-есін жоғалтқан ер адамның туыстары іздестірілуде

Дулат Исабеков: Өмірімде екі қыздың обалына қалдым, бір жолығып аяғына жығылып, кешірім сұрасам деймін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар