Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында мектептің шатырынан аққан су: Оқушылар сабаққа тегеш көтеріп барады

Қарағанды облысындағы мектептердің бірінде оқушылар қабырғасы көгерген сыныпта оқиды. Ал жаңбырлы күндері сабаққа келетін балалар мектепке тегеш пен еден жуатын шүберек алып келеді. Мектеп тұрғызылған сәттен бері қырық жыл бойы жаңартылмаған. Соңғы күндері жауып жүрген жауын-шашынның салдарынан мектепте сабақ оқу тіпті, мүмкін емес. Бұл туралы КТК арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қарағанды ауылындағы мектептің шатырынан аққан су: Оқушылар сабаққа тегеш көтеріп барады

Мектептегі тегештер мен шелектер төбенің барлық тесіктерінің астына қоюға жеткіліксіз. Ал сабақ кезінде жаңбыр суы оқушыларға тамып кетпес үшін, парталар балаларға ыңғайлы етіп қойылған. Бұл жағдайда санитариялық ережелерге қарайтын да уақыт жоқ. Жаңбырлы ауа райында барлық әдістер жақсы, дейді ата-аналар.

«Қыс кезінде олар тіпті, телефонның фонарын қосып сабақ оқыды. Себебі, үшінші қабатта жарық болмады. Ал ғимараттың ішіндегі иіске шыдау мүмкін емес. Баланы сабақтан алып кетуге келгенде бес минутқа әрең шыдаймын. Ал оқушылар болса жарты күн бойы осы иіске тұншығып отырады. Үйге келген баламның бүкіл киімі көктен дымқыл болып кетеді. Содан оның басы ауырып, жиі тұмауратады. Мұндай мектепке баласын кім жібергісі келеді дейсіздер»,- дейді ата-ана Назым Дүйсенова.

Бұл мектепте 500-ден аса оқушы  білім алады. Ал шүмектеп аққан тамшыдан ғимараттың шатыры тесіліп, тіпті едендері де бүлінген екен. Нөсерлеп жауған жаңбырдың салдарынан үстіңгі қабатта оқитын балалар жаппай төменгі қабаттарға көшірілген.

Бірақ, бір жыл бұрын ғана тағайындалған мектеп директоры «үшінші қабаттағы жағдай сабақ үрдісіне кедергі емес», деп тыныштық сақтап отыр. Алайда, құлағалы тұрған шатырды жөндеуге өздері де жанталасып жатыр. Ғимаратты қалыпқа келтіру үшін ақша да дайын, жөндеумен айналысатын компанияның аты да белгілі, дейді мектеп басшысы.

«Ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен  36 миллион теңге бөлінді. Оның 29 миллионына жеңіл шатырды жөндейміз»,- дейді Қарағанды облысы Топар елдімекенінің Абай атындағы мектеп директоры Мұрат Қолдасбай.

Күн жылынып, жөндеу жұмыстары басталғанға дейін оқушылар мектептің бірінші және екінші қабатында оқи тұрмақ. Ол үшін 500-ден астам оқушының сабақ кестесі де қайта өзгертілген екен.

Тағы оқыңыз: 

«Ақша қайда?»: Сенаторлар банктерді қолдауға бөлінген 3 триллион теңгеден астам ақшаның есебін сұрады

“Сізден басқа жоқ Құдай” деп елбасына өлең арнаған ақынға Жан Ахмадиев жауап рэп шығарды

Қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін басы дауға қалған Qazkom ресми түрде кешірім сұрады (видео)

Астанада медициналық университетіндегі жанжалға кінәлілер жұмыстан қуылды

 

Талқылау