“Қарағанды аруының” үстінен қылмыстық іс қозғалды (видео)

«Қарағанды аруы-2015» атанған Рената Нұрғазинаның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бойжеткен билік өкілін қорлағаны үшін айыпталып отыр.

рената нургазина

Бұл туралы Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Рената Нұрғазиның үстінен «Билік өкілін қорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», – деп хабарланды ІІД-ден.

Бұған дейін желіде 8 наурыз күні жол полициясының құрығына түскенін айтып, желіде видео жариялаған еді. «Достар, сенесіздер ме, мені 8 наурыз күні полиция тоқтатты», – деген болатын Нұрғазина.

Бойжеткен аталған кадрдың тұсына бейәдеп сөз жазып қалдырған. Қылмыстық іс аталған жайтқа байланысты қозғалған көрінеді.

Бойжеткеннің айтуынша, желідегі оқырмандардың бірі осы жазбасын ІІМ-ге жіберіп, шағымданған. Бұл туралы Ренатаның өзі желіде тікелей эфир кезінде айтып берді.

“Енді ешқашан желіге ондай нәрсе салмаймын. Жалпы мен балағат сөздерін қолданатын қыз емеспін. Бұл алғаш рет айтуым. Бірақ әлгі қызға не істегенімді білмеймін. Мен оған ешқандай жаманшылық жасамадым”, – дейді Нұрғазина.

Тағы оқыңыз:

Жүрегім қарс айырылды: Қарақат лифтіге қысылып көз жұмған тележүргізуші туралы естелігімен бөлісті

Жан Ахмадиев: Жезөкшелерді малға теңеймін

Түркістанға бұрынғы Тұран атауын қайта қою туралы ұсыныс айтылды

Қайрат Нұртастың төрт баласы әжелеріне видео-құттықтау жолдап, жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар