Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қарағанды аруы» байқауда алған жарты миллион теңгені балалар үйіне бермек

«Қарағанды аруы-2017» атағын Алматыдағы Әлем тілдері университетінің 19 жастағы студенті Екатерина Дворецкая жеңіп алды.

Бұл туралы NV.KZ хабарлайды.

Ақтық кезеңде арулар көпшілік алдына кешке арналған көйлек, тон киіп шығып, бишілік өнерін де көрсетті.

Әділқазы мүшелерінің шешімі бойынша, «Көрермен көзайымы» сыйлығы Надежда Холостяковаға берілді. Үшінші вице-ару атағына Диана Рустамбекова иеленді. Кристина Гусева екінші вице-ару атанды. Ал бірінші вице-ару атағына алған – Махаббат Түктібаева.

Сұлулық байқауының жеңімпазына «Қазақстан аруы-2017» ұлттық байқауының финалына жолдама мен жарты миллион теңге берілген.

Ал «Қарағанды аруы» атанған Екатерина Дворецкая байқау финалында иеленген жарты миллион теңгені балалар үйіне бермек.

«Ақшаны қайда жұмсайтынымды әлі ойламадым. Бірақ Қарағандыдағы балалар үйіне беретін шығармын», – дейді Екатерина.

Оқи отырыңыз:

Тоқаевтың ұсынысымен Алтынай Жорабаеваға  «ТМД-ға еңбегі сіңген қайраткер» атағы берілді (фото)

БАҚ-қа шолу: Баян Есентаеваның сүйіктісіне қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды

“Әлем аруы-2017” байқауында Гүлбану Әзімбаева үздік 40 сұлудың қатарына кірді (фото, видео)

Әли Оқапов: Анам әлі күнге дейін барлық үй шаруасымен өзі айналысады

Талқылау