Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қарағанды аруы-2017» балалар үйіне жарты миллион теңге сыйлады (фото)

«Қарағанды аруы-2017» Екатерина Дворецкая «Таңшолпан» балалар үйіне 500 мың теңге сыйлады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19 жастағы ару балалар үйіндегі жетім балаларға көмектескісі келетіні туралы байқауда бас жүлдеге иеленгеннен кейін айтқан еді. Екатерина өз уәдесінде тұрып, Тәуелсіздік күніне орай балаларға сыйлық жасады.

«3 жыл бұрын «Таңшолпан» балалар үйіне ерікті ретінде келген едім. Сондықтан ақшалай сыйлықты алғаннан кейін, оны балаларға сыйлауда ұйғардым», – дейді Дворецкая.

Аталған ақшаны балаларға тарту ету үшін Екатерина балалар үйіне барып, өз қолымен табыстаған.

Мекеменің оқу ісі бойынша директорының орынбасары Гүлмира Майқамбаеваның сөзінше, олар сыйға берілген ақашаға фотоаппарат, музыкалық аспаптар мен үйірме жұмысына арналған материалдар алмақ.

Естеріңізге сала кетсек, Екатрина Алматдыға ЖОО бірінде халықаралық қатынастар факультетінде оқиды. Ол Теміртау қаласының атынан «Қарағанды аруы» сұлулық байқауына қатысқан еді.

Оқи отырыңыз:

Тәуелсіздік күніне орай «қазақстандық үлкен отбасы» туралы күлкілі видеоролик түсірілді (видео)

Алматыда егіз ұлдарын өлтірген ата-аналар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Талқылау