Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды әкімі өз орнын колледж студентіне босатып берді

“Жастардың өзін-өзі басқару күні” акциясы аясында Қарағанды коммерциялық колледжінің студенті Юрий Михуля бір күні облыс орталығында әкім болды.

d2675857-088d-4c28-b3ee-c1c6ea477dbb3

Бұл туралы ekaraganda.kz хабарлайды.

“Жастардың өзін-өзі басқару күні” акциясын 21 қараша күні қала билігі ұйымдастырды. Бұл күні “Жастардың өзін-өзі басқару аптасының” екі кезеңінде жеңімпаз атанған жас қаланы басқарды. Қарағанды әкімі креслосына жас студент Юрий Михуля отырды.

Мемлекеттік тілде таза сөйлейтін ол, сондай-ақ, ұлттық аспап қобызда да еркін ойнай алады.

“Қаладағы жағдайды бақылауға ала отырып, Юрий Михуля әкім Нұрлан Әубәкіровқа қаланы қардан тазартуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Енді колледж студенті мемлекеттік қызметке араласып, халыққа қызмет етуді мақсат етіп отыр”, – деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Синоптиктер алдағы уақытта Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынатынын болжады

Қыз кейпіндегі елес көретін бойжеткен болашағы үшін алаңдап көмек сұрайды

Маңғыстау облысында 13 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болып қалды

Адамның гей немесе педофил болуының себебі неде?

Талқылау