Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қара жамылған шаңыраққа аяқ киіммен кірген министр мен әкім сынның астында қалды (фото)

 Жамбыл облысындағы қар көшкінінде қаза болған  сарбаздардың отбасына көңіл айтуға барған  Қорғаныс министрі  Сәкен Жанұзақов пен облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың  оғаш қылығы жұрттың ашуын келтірген. Олар  БАҚ алдында қара жамылған отбасыларды аралаған еді.

аяқ2

Сарбаздардың ата-аналары мен туыстарына көңіл айту үшін үйлеріне кірген.  Бөлме төріне шыққан шенеуніктер аяқ киімдерін шешпеген. Ал  халық таңдаулыларының алдында  ауылдықтар сол бөлмеде шұлықпен отыр. Міне осы жайтты байқап қалған жұрт, шенеуніктерді сын астына алған.

Белгілі продюсер Серік Абас-шах осы жайттың суретін жариялап төмендегідей пікірімен бөліседі.

“Қорғаныс министрі мен Жамбыл облысының әкімі қар көшкінінде боздағынан айрылған отбасының шаңырағына кіріп, көңіл айтыпты. Фотоға назар аударыңыз: Екі дөкей үйдің төріне аяқкиімін шешпей шығыпты”,-деп жазды ол

Шенеуніктердің қылығын әжуалаған продюсер олардың аяқ киімін шешпеу себебін бірнеше нұсқамен көрсеткен.

“АУЫЛ ШОПЫРЫНЫҢ СҰРАҒЫ:
Сәкен Жасұзақов пен Кәрім Көкірекбаев бөтен үйдің табалдырығын аттағанда аяқкиімін неге шешпеген?”,- деп сұрақ қойған танымал продюсер бірнеше “нұсқаны” өзі ұсынған.

ЖАУАП НҰСҚАЛАРЫ:
1.Олар өз үйінде де аяқкиіммен жүреді.
2.Екеуінің де “нәскилері” жыртық.
3.Олар екі түсті “нәскилерінен” ұялғансып отыр.
4.Бұлар ұйықтағанда да аяқкиімін шешпейді.
5.Олар өздерін европалықтар сияқты сезінеді.
6.Олар өздерін кезекті бір жиынға келгендей сезінуде.
7.Бас киімдерін шешкеніне де шүкіршілік.
8.”Аяғы жаман төрді былғар…”

Фейзбук желісінде оқырманы көп продюсер осы сұрағана орай екі сағаттың ішінде  жүзден астам жауап алған. Бірі шауын жасыра алмай ” Бұл қара жамылған отбасының шаңырағын сыйламау” десе тағы өзгелері шенеуніктерді әжуалай түсіп “Аяқтары сасық, олар жүрген жерден шөп шықпайды” деген сынды пікірлер жаза түскен.

Оқи отырыңыз:

Сарбаздары қаза тапқан Жамбылдағы әскери бөлім басшыларына ауыр айыптар тағылуы ықтимал

Жамбыл облысында қар көшкінінен тірі қалған сарбаз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Жарақат алған полицейдің әйелі: “КамАЗ” жүргізушісі ауруханаға кешірім сұрап келді

Балаларды ірі жол апатынан құтқарып қалған павлодарлық полицей есін жиды

Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)

Талқылау