Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қара тізім: үйіңізде болмауы тиіс 6 түрлі әрлеу материалы

Құрылыс материалдарының денсаулыққа қауіпті немесе тұрғын үйдің сәнін бұзатын түрлері бар.

105

Интерьер дизайнері Павел Герасимовтың пікірінше, бүгінде адамдар күнделікті жасанды, улы материалдарға ұшырасады. Сондықтан өз үйіңіздегі олардың санын барынша азайтқаныңыз жөн. Оларды біліп жүруіңіз үшін тұрғын үйге жарамсыз материалдар тізімін, оларды немен алмастыруға болатынын сөз етпекпіз.

Ламинат

Заманауи пәтерлер еденін төсеуде қолданылатын ең танымал әдіс. Ол берік, тозуға төзімді және аса қымбат тұрмайды. Бірақ ламинаттардың жағымды тұстарынан бөлек жағымсыз тұстары да қаншама. Ол – еден төсеу үшін қолданылатын табиғи емес материалдардың бірі. Оның құрамына көп мөлшері адам өміріне қауіпті болып табылатын шайыр кіреді. Егер материал қызитын болса, зиянды заттарды белсенді түрде бөліп, қауіптілігі арта түседі. Сондықтан еденіңізге ламинат төселсе, бөлменің ауасын жиі тазартып отыруға тырысыңыз.

Әриен көптеген өндіруші бұл әсерін есепке алады. Сондықтан құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін барынша азайтуға тырысады. Мысалы, синтетикалық шайыр орнына ағаш шайырын қолданады. Әлдеқайда сапалы және қауіптілігі төмен ламинаттардың бағасы да арзан тұрмайды. Бірақ бұл жерде үнемдеудің қажеті шамалы. Егер мүмкіндігіңіз болса, еденнің табиғилығына мән беріп, паркет, инженерлік және үлкен тақталарды таңдағаныңыз жөн.

Сәнді сылақтың көптігі

Сәнді сылақтардың денсаулық үшін зияны жоқ. Алайда мұнда оның үй интерьеріндегі орны сөз болмақ. Заманауи интерьерде еркіндік, кеңдік пен қарапайымдылық маңызды. Сондықтан қабырғаларыңызды сылақтың күрделі түрлерінен босатқаныңыз абзал. Ал сәнді сылақты қолдануды ұйғарсаңыз, бір ғана қабырғаны таңдаңыз. Нәтижесінде материал сәндік мақсатында қолданылады және бөлме интерьерін күрделендірмейді. Егер барлық қабырғаны сәнді сылақпен сырласаңыз, бөлме тар көрінеді әрі артық ақша жұмсайсыз.

Винил тұсқағаздар

Көрінісіне қарай бағалайтын болсақ, ою-өрнекті тұсқағаздар – өткен ғасырда қалған дүние, сонымен қатар қабырғаны әсемдеуге арналған нашар шешім. Мұнда да сәнді сылақ сияқты. Тұсқағаз таңдасаңыз, бір ғана қабырғаға жапсырғаныңыз жөн. Винил тұсқағаздар қабырғаны әсемдеу үшін ыңғайлы болғанымен, олар табиғи емес. Бұл материал бөлмедегі ауа айналымына кедергі жасайды. Егер қабырға үшін винил тұсқағаз, еденге төсеуге ламинат таңдасаңыз, нәтижесі бөлмені полиэтилен пакетпен қаптағанмен бірдей. Оған қоса көбіне винил тұсқағаздардың құрамына формальдегидтер кіреді. Сондықтан қағаз тұсқағаздарды қолданғаныңыз абзал. Және заттаңбасын мұқият оқып шығуды ұмытпаңыз.

Ағаш жоңқалы тақта

Ағаш жоңқалы тақта (АЖТ) — сығымдалып, құрамына формальдегид кіретін синтетикалық шайырмен желімденген бұл жоңқа жене ағаш өндірісіндегі басқа да қалдықтар. Қаңқалы жиһаз жасауда АЖТ-ны жиі пайдаланады. Яғни таза түрінде емес, ламинатталған жабын астында қолданады.  Ол жиһазды қауіпсіз етеді. Бірақ ұзақ уақыт емес. Егер үстел немесе шкафтың сынып, АЖТ құрылымын көрсеңіз, жиһазыңыздың қауіпті бола бастағаны. АЖТ-дан жасалған жиһаздардан мүлдем бас тарта алмайтынымыз түсінікті, себебі бағасы тым қымбат шығады. Сондықтан мұндай жиөаздарды қолдануда абай болыңыз және баланың бөлмесіне, ауасы ылғал бөлмеге мұндай материалдан жасалған жиһаздарды қоймағаныңыз дұрыс. Сонымен қатар оған күн сәулесінің түспеуін қадағалаңыз.

Бағдарланған жоңқалы тақта

Бағдарланған жоңқалы тақта (БЖТ) — бір-бірімен желімденген ағаштың ірі жоңқалары. Оны үбекріктігі, тозуға төзімділігі, үнемділігі үшін үйдің құрылысына қолданады. Бірақ соңғы уақыттарда БЖТ-ны қабырға, төбе, еденді әрлеу мақсатында қолданып жүр. Бірақ оны дұрыс дей алмаймыз. Себебі АЖТ сынды, оларды да адам денсаулығына қауіпті заттар бөлетін синтетикалық шайырмен желімдейді. Және жиһазбен салыстырғанда, оладың сыртқы жабыны болмайды. Егер үйіңізді әрлеу үшін БЖТ тақталарын қолданғыңыз келсе, таңбаламасымен мұқият танысып, жабық кеңістікте қолдануға жарамды түрлерін таңдап алыңыз. Оларда зиянды заттар анағұрым азырақ.

Бетон

Интерьердегі лофт стиліндегі сән адамдардың бетон қабырға, төбе, еденнің бір бөлігін жабынсыз қалдыруына алып келді. Мұнда құрылыста қолданылатын көптеген бетонды қоспалардың мұндай күйде қалдыруға жарамсыз екенін түсіну керек. Себебі ол радий мен торий бөлуі мүмкін. Сылақ пен тұсқағаз бұл заттардың қауіптілігін төмендетеді. Сондықтан қоспаның құрамына 100%  сенімді болмасаңыз, бетон қабырғаларды әрлегеніңіз жөн. Ал кірпішпен қаланған қабырғаны сол күйінде қалдыруыңызға болады.

Талқылау