Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қара пиар: Жігер Ауыпбаев Байзақованы сабамақ болған экс-әріптестерін сынға алды

«Меломен» тобының Жан Ахмадиевке жолдаған эстафетасы жұлдыздар арасында қызу пікірталас тудыруда. Еске сала кетсек, таяуда аталмыш үштіктің жігіттері «Ninety one» мен Айжан Байзақованы қамшымен сабау керектігін айтып, бұл жұмысты атышулы рэперге тапсырған еді.

Қара пиар: Жігер Ауыпбаев Байзақованы сабамақ болған экс-әріптестерін сынға алды

Stan.kz ақпаратттық агентігінің тілшісі жүргізген арнайы сауалнамаға қатысқан Жігер Ауыпбаев, бұрын бір топта ән салған әріптестерінің қылығын қолдамайды. Ол «Меломендік» әншілердің әркетін қара пиарға балайды.

«Егер айтылған нәрсе болатын болса, бостан босқа құр шулатпай, айтқан нәрсесін оны ары қарай істеу керек. Солай көрсеткені дұрыс. Қамшылау деген не нәрсе? Ол алға қарай өз-өзін сүйреу, нәтижес көрсету. Ал қамшымен тікелей сабап ешкімді тәрбиелей алмайды. Мен «Меломен» тобының бастамасына орай арнайы пост жаздым. Керісінше өзіміздің салт-дәстүрімізге сай емес нәрсені ғаламтор, экран арқылы керісінше оларды жарнамалап жатырмыз. Яғни, қажет емес нәрсені өзімізге тиімді жағынан қолданамыз, атағымызды ары қарай дамытамыз деп, пиар, хайп жағынан қолданамыз деп, оларды одан ары қарай өршітіп, халыққа танымал қылып жатқанын да ұмытпау керек. Егер үндемесе көп нәрсе ұмытылып кетеді. Оларды насихаттап жатыр. Мен өзім солай түсінемін», – дейді Жігер Ауыпбаев.

Қазнетте қызу талқыланған тақырыптан Асхат Тарғын да хабардар болып шықты. «Чип-чип» хитінің орындаушысы, бұрымдылардың теріс жолға бет бұруына жігіттер қауымы кінәлі дейді.

«Мұсылман мемлекеттерінде сондайларды таспен ұрады екен. Ондай жолға түспеу үшін Үкімет жағынан бір шара қолдану керек сияқты. Айыппұл салып деген сияқты. Негізі жігіттер біз өзіміз кінәліміз. Біз сондай қыздар жаман жолға бармауына ат салысуымыз керек. Біз өзіміз ондай қыздарды қабылдамауымыз керек. Қыздарды жігіттердің өздері ақша төлеп қабылдайды да, сондай ақша тапқан қыздар көбейе береді. Қасына құрбыларын қосып алады. Осындай жолмен ақша табайық, табысы жақсы деген сияқты. Жігіттер жағы осындай тәсіл арқылы, жаман жолға түскен қыздарды тазартуымыз керек», – дейді Асхат Тарғынов.

Ал, Бағлан Әбдірайымов «Меломен» тобының бастамасын қос қолдап қоштайтынын жеткізді. «Жігіттердің» әншісі: «Қайрат, Ролан, Ғабиттің әрекеті, қазақтың болашағына балта шаптырмаудың қамы» – дейді.

«Енді «Меломен» тобы қазақтың жан-айқайын осылай көрсетіп жатыр. Сондықтан сыртынан ғайбат айтып, өсек айтып жүргеннен гөрі, бәлкім осындай әрекеттер де дұрыс шығар. Өйткені олардың да біліп жүргені дұрыс қой. Енді тағы да бір шешінсем немесе тағы бір нәрсе істесем қамшы ұстап алып, сабайтындар бар екен деп. Қарсы емеспін. Олар басқа бір дүниені сұрап жатқан жоқ қой. Қазағым, қаракөзім деп алаңдап жатыр. Сондықтан олардың әрекетін жанашырлық деп түсіну керек», – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Жан Ахмадиев «Меломен» тобының эстафетасына жауап берген жоқ! Ал ғаламторды шулатқан үштік «91» тобымен соттасуға дайын екендерін айтқан болатын.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау