Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қара алтын құны тағы арзандады

Standard Chartered британиялық банкінің сарапшылары 2016 жылы Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 10 долларға дейін төмендеуі мүмкін дейді.

ed1ce3db-4e76-414b-b161-740bed520c98

«Мұндай төмендеу нарықтағы ойыншылардың басым көпшілігі мәселенің тым тереңдеп кеткенін түсінген кезде орын алады», дейді мамандар.

Мұнай бағасының бірден құлдырап кетуінің бір себебі қор нарығындағы тұрақсыздық себебінен де болуы мүмкін.

BofA Merrill Lynch сарапшылары да 2016 жылы мұнай бағасының құлдырау шегі 50 мен 46 доллар аралығында болады деп болжаған еді. Morgan Stanley инвестбанкі өз кезегінде қазіргі сәтте барреліне 20 долларға дейін құлау қаупін жеткізді.

12 қаңтар күнгі сауда сессиясында әлемдік биржадағы мұнай бағасы барреліне 30,7 долларға дейін жеткен. Бұл соңғы 11 жылдағы ең төменгі әрі жайсыз көрсеткіш болып есептеледі.

Сондай-ақ WTI мұнайының бағасы да барреліне 30 долларға дейін төмендеп шыға келген. Осылайша 2003 жылдың желтоқсан айынан бері бірінші рет WTI маркалы мұнай әлемдік нарықтағы шикізаттың сұраныстан көп болуы және америка валютасының құны көтерілуінің салдарынан арзандап отыр.

Жалпы, Brent маркасы жыл басынан бері 15 пайызға арзандаған. Қара алтын бағасы әлемдік екі мұнай державасы болып саналатын Сауд Арабиясы мен Иранның арасындағы қақтығысқа қарамастан төмендеуін жалғастыруда.

Халықаралық энергетикалық агенттік сарапшыларының сөзіне сүйенсек, биылғы жылдың соңына қарай мұнай бағасы инвестициялардың төмендеуі мен қысқартулардың көбеюіне әкеліп соғуы мүмкін.

Талқылау