Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар күреген Гүлнұр Оразымбетова тыңдармандарын таңқалдырды (видео)

Бірнеше күн қатарынан толассыз жауған қар қазақстандықтарды әбігерге салды. Қала көшелеріндегі қарды тазалау үшін арнайы техника жұмылдырылса, жеке үйлердің есік алдын тұрғындардың өздері тазалауда. Бұл үрдістен эстрада жұлдыздары да шет емес. Мәселен, әнші Гүлнұр Оразымбетова өз үйінің ауласын тазалап тыңдармандарын таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz.

оразымбетова кар

Әнші қар күреп жатқан жерінен сәлем жолдап, желідегі жеке парақшасына видео жүктеді. Мұны көрген Оразымбетованың тыңдармандары таңданысын жасырмады.

«Бүгін таңертеңнен ерте тұрып қар күреп жатырмын, жүретін жолды ғана тазалауға тура келді, себебі қар әлі де жауып жатыр. Көмекшілерім болды, өтірік айтпай-ақ қояйын», – деді әнші.

Жанкүйерлері әншіні ақ саусақ қаланың қызы санаса керек-ті, оның аула жұмысына белсене кіріскенін көргенде түрлі пікірлер қалдырды. Көпшілік жол тазалау жұмыстарымен айналысатын ер азаматтың қайда екенін сұраумен болса, ендігі тыңдармандарды Гүлнұрдың қарапайымдылығы тәнті етті.

“Тоңбайсыз ба? Үйде басқа көмекші жоқ па?”, “Жолдасыңыз қайда?”, “Еңбекқор екенсіз, жарайсыз”, “Жарайсың, жерлес. Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық деген осы”, “Жасандылық жоқ, неткен қарапайымсыз”, – деп пікір білдірді олар.

Жіберіп алмаңыз:

«Қарағанды аруы» титулын 17 жасар мектеп оқушысы ұтып алды

«Қазақстан аруы» байқауының 12 қатысушысы күнтізбе беттерінің сәніне айналады (фото)

Сәкен Майғазиев 10 жыл бойы Мейрамбектен жасырған сырын бөлісті

Қазақстандық шоу-бизнесте шағала қыздардың бары рас па?

 

Талқылау