Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар барысы браконьерлерден қорғау үшін өз марғауларын жеп қойды

Алтай өлкесінде Вита атты қар барысы браконьерлерден қорғау үшін өз балаларын жеген. Бұл туралы Алтай қорығының ғылыми қызметкері, ірбістерді зерттеуші Сергей Апицын мәлімдеді.

pic_706d2ee2ad357bd50695d7dbbb475135 (1)

Сурет: lenta.ru 

Зерттеушінің айтуынша, Вита аландарымен қақпанға түсіп қалған Аргут мекеніндегі алғашқы барыс аналығы.

Барыс аландарын құтқарғысы келген. Алайда, өзі стрессті жағдайда болған соң балаларын өзі жеп қойған. Осыдан кейін өзі де қақпанға түсіп өлген.

Алтай қорығының қызметкерлері браконьерлердің құрған қақпанын үнемі алып тастайтынын, бірақ барлық кезде жануарларды құтқара алмайтынын айтады.

Ірбіс Табиғатты қорғау халықаралық кеңесінің Қызыл кітабына, Ресейдің Қызыл кітабына, өзге де елдердің қорғау құжаттарына енген. Бұл аңдарды аулауға тыйым салынған.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы тау бөктеріндегі бейнебақылауға қар барысы ілінді (видео)

Талқылау