«Астана» үшінші рет Қазақстан кубогын ұтып алды
«Астана» Алматының «Қайратын» сырт алаңда өткен Қазақстан кубогының финалында 1:0 есебімен ұтып, үшінші мәрте кубок иегері атанды.
Фото: inform.kz
Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Жуниора Кабананги 48 минутта елордалықтарға жеңіс добын тарту етті.
Бұған дейін Астана 2010 және 2012 жылдары Қазақстан кубогын алған болатын.
Осылайша Станимир Стойловтың шәкірттері осы маусымда «алтын дубль» орындап, ел чемпионатында да жеңімпаз атанып отыр.
Жіберіп алмаңыздар:
Желіде Головкиннің егізінің суреті пайда болды (фото)
Ардақ Назаров қазақстандықтарды арақтан бас тартуға шақырды (видео)
Илья Ильин тағы да студент атанды
Талқылау