Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағайда көгалдан жаңа туған сәби табылды

Қапшағайдағы “Строитель” саяжай кооперативінен 3 шілде күні жаңа туған сәби табылды.

ччч

Бұл туралы “Бухта Капшагай” порталы хабарлайды.

Сәби жатқан жерге жеткен жедел жәрдем қызметі, ювенальды полиция және білім басқармасы қызметі сәбиді құтқару бойынша шаралап жасап, оның анасын іздеуге кіріскен.

Жедел жәрдем дәрігерлері сәбиді дереу Қапшағайдағы ауруханаға жеткізіп, жансақтау бөліміне орналастырған.

“Сәби – қыз бала. Азиялық ұлтқа жататын сәби салқындап тоңып қалған. Жетілмеушілік белгілері байқалады. Жағдайы ауыр”, – дейді дәрігерлер.

Бұл туралы ақпарат білетіндер немесе анасын танитындар болса, мына нөмірлерге хабарласуларын сұрайды: Қапшағай: +7(72772) 4-71-04, 4-68-41, және 102.

Талқылау