Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағайда депутатқа тиесілі казиноның жұмысшылары ойынханаға басып кірді

Қапшағайда депутатқа тиесілі казиноның жұмысшылары ойынханаға басып кірді Қапшағайдағы казинолардың біріне жүзден астам адам басып кірді, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Ашулы топтың бәрі де ойынхананың жұмысшылары. Оларды ашындырған жайт күндіз-түні қап-қап ақша тауып жатқан қожайындарының үш айдан бері жалақыларын бермей жүргені. Ол былай тұрсын, тоқсан күн бойы тегін жұмыс істегендер казиноның ендігі жабылып та қалғанын бүгін жалақысын сұрап барғанда бір-ақ білді. Жүзден астам адамға айлығын айлар бойы бермей тентіретіп қойған казино қожайындарының бірі тіпті жергілікті Мәслихат депутаты екен.

Бала-шағасына тамаққа ақша таппай, қарызданған жұмысшылар басқа шарасы болмаған соң осындай әрекетке барды. Бәрі де казино қызметкерлері. Қожайындарының қалтасын қампайту үшін күндіз-түні ұйқы көрмей жұмыс істегендер тоқсан күннен бері көк тиын алмаған. Ол аздай, айлықты әне-міне береді деп күтіп жүргенде казинолары мүлде жабылып қалды.

“Бір тиынсыз далаға лақтыра салды бір күннің ішінде. Біздің кредитіміз бар.  Бала-шағамыз бар”, – дейдіказино қызметкері Фарида Сейдалимова.

Казино қожайындарына, тіпті, көп балалы аналардың көз жасы да әсер етпегендей. Карта ойнауға келгендердің тамағын беріп, төгіп-шашқандарын жинаған олар жалбарынса да жалақысын ала алмапты.

“Пәтерақы  төлеу үшін кредит алғанбыз. Оны төлеуге шамамыз келмей, процент дегені сұмдық енді.  Білмеймін, қалай әрі қарай өмір сүреміз. Осы үшін үйде күнде ұрыс-керіс ақша үшін күйеуімізбен. Балаларымыз ол жылайды мектеп ақша сұрап жатыр деп”, – дейді казино қызметкері Назым Ахметова.

Ал жүзден астам адамға айлығын бермей жүрген дәл осы «Алтын алма» ойынханасының қожайындары. Өздерінің қаржылық қиындықтарына байланысты ісін тоқтатқандар, казино сатылғанда барып ақшаларыңды аласыңдар деп отыр.

“Сатылады. Ақшаны алған кезде 2 айлық жалақыны береміз”, – дейді казиноның атқарушы директоры Ерлан Қашағанов.

Ал ақшасын сұрап, казиноға тағы келетін болса, қамауға алдыртамыз деп сес көрсеткен.  Осылай деп жұмысшыларына есігін тарс жапқан ойынхана қожайындарының бірі Қапшағай қалалық Мәслихатының депутаты. Халық қалаулысының құмар ойын бизнесі барын әріптестері де білетін боп шықты. Тіпті, онда тұрған еш әбестік жоқ деп қорғап шыға келді.

“Ерлан бізде депутат. 10-округ бойынша. Бірақ, ол кісінің ондай қаржылық мәселелері бар екенін мен хабардар емеспін. Себебі, енді ол өздерінің жеке істері болғаннан кейін бізге ондай мәлімет берген жоқ болатын. Ол ол жерде тек атқарушы директор ғой”,- дейді Қапшағай қалалық мәслихаты жетекшісі Мейрамгүл Айтова.

Ал басқа әріптестері болса, Қашағановтың атын естіп қашып кетті. Тіпті, Қапшағай қаласының әкімі орынбасарының өзі зыта жөнелді.

-Менің оған қатысым жоқ.

-Сіз негізі депутаттың казиносы бар екенін білетін бе едіңіз?

– Казиносы бар? Бұндай сұрақпен айналыспаймын. Мен жарық, су дегендерге жауап беремін ғой. Ал казино директорының суреті Мәслихаттың ресми сайтында ілулі тұр. Онда қанттай костюм киіп түскен қожайын өңірде білім мен спортты дамытамын деп, казиномен айналысып кетіпті.

Оқи отырыңыз:

Семейде оқушы қызға бейәдеп қылық көрсетті деп айыпталған мұғалім кінәсіз болып шықты

Қыздың құны: Қазақстанда қалың мал бағасы қанша теңгеден басталады

Шілде айынан бастап Алматы – Талдықорған тас жолы ақылы болады

Талқылау