Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағайда әлі де жазасын өтеп жатқан қылмыскер үйге ұрлыққа түскен

Арматура мен кастеті бар ұры екі азамат отырған үйге түскен. Күдікті 2012 жылы осыған ұқсас қылмысы үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған екен. Аталған оқиға қылмыскердің отбасына барып қайту үшін берілген демалыс күндерінде болған.

926b394d9a2bbfc5f503c7ff7f0c37cb0e09f241_900

Бұл туралы Алматы облсытық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Олар ұрыны ұстап, полицияға тапсырған. Мәлімет бойынша, Қалалық Ішкі Істер бөлімінің Қапшағайдағы кезекші бөліміне қала тұрғыны хабарласып, ұрыны ұстағаны жөнінде айтқан. Аталған мекен-жайға дереу жеткен жедел топ 32 жастағы ер адамды полиция бөлімшесіне алып кетеді. Ұрының кастеті мен бетпердесі жүннен тоқылған бас киімнен жасалған. Қазір аталған іске қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Соңында белгілі болғандай, күдікті 2012 жылы осыған ұқсас қылмысы үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған екен. 2014 жылы Қапшағайдағы түзеу мекемесіне колонияға жіберілген. Аталған оқиға қылмыскердің отбасына барып қайту үшін берілген демалыс күндерінде болған.

Талқылау