Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағайда 10 жасар баланы құтқармақ болған ер мен әйел көз жұмды

Алматы облысы Қапшағай қаласында суға батқан баланы құтқармақ болған ер мен әйел суға кетті, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған Stan.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 11 тамыз күні болды. Марқұм болған әйел 24 жаста, ер адам 37 жаста. 10 жастағы бала да қаза болды. Құтқарушылар үш адамның мәйітін алып шықты.

Облыстық ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, бала рұқсат етілмеген жерде суға шомылған. Жыл басынан бері 46 адам суға кетті. Оның барлығы дерлік тыйым салынған жерде суға түскен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау