Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағай жолында рөлге жармасқан мас жолаушының кінәсінен көлік жолдың бойынан ұшып кетті

Алматы-Қапшағай трассасында жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматыдан шыққан Audi көлігінде жүргізуші мен бір жолаушы болған. Көлік иесі сол жолаушы екен.

Жүргізушінің айтуынша, жолда келе жатқанда мас жолаушы рөлге жармасып, бір мезетте көлік жыраға ұшып кеткен.

Жол апатынан жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізушіге жедел жәрдем дәрігерлері көмек көрсетті.

Апат орнында жол полициясы жұмыс істеп жатыр, олар оқиғаның мән-жайын анықтайды.

Оқи отырыңыз:

Петропавлда жатақхана өртеніп, 150 адам эвакуацияланды

Алматы облысында парапланмен ұшқан ер адам шатқалға құлап кетті

Қарағанды облысында мұзға тайып жығылған ер адам тіл тартпай кетті

Алматыда жүк көлігінің тіркемесіне секіріп мінбек болған ер адам көлік астына түсіп мерт болды (фото)

Талқылау