Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағай жағалауында бала адасып қалды: Ата-анасы қызының жоғалып кеткенін байқамаған

Алматы облысының құтқарушылары Қапшағайда жоғалған қыздың анасын тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылғы 8 тамыз күні сағат 14:40-та Қапшағай су қоймасын патрульдеп жүрген құтқарушыларға куәгерлер кішкентай қыздың жылап, ата-анасын таба алмай жүргенін айтты.

“Құтқарушыларға төрт жасар қыздың анасын табу үшін 30 минуттай уақыт кетті. Қыздың ата-анасы баланың жоғалғаны туралы тіпті білмеген, олар жағада беседкада отырды. Жаяу топ құтқарушыларының "сіз баланы жоғалтпадыңыз ба?" деген сұрағына алдымен "жоқ" деп жауап берді, содан кейін құтқарушыларды қуып жетіп, олардың қыздары жоқ екенін айтты”, – деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Алматы облысының ТЖД азаматтардан балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды, әсіресе балаларды судың жанында қараусыз қалдыру өте қауіпті!

Талқылау