Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағай қаласының әкімі тарап кеткен шулы видеоға пікір білдірді

Әйелінің ескертуіне құлақ аспаған Қапшағай қаласының әкімі кешірім сұрауға мәжбүр болды. Өйткені, қатты сөйлегені үшін Сәтжан Қиқымовқа үйінде жолдасы ескерту жасайды екен.

Bezymyannyy-14

Бұл туралы 31 арна жазды.

Жұмыста да әкім үйдегі әйеліне сөйлегендей қатты сөйлеймін деп, бірнеше сайтқа шығып, әлеуметтік желілердің талқылауына тап болды.

 Тұрғынға “сен” деп, даусын көтере сөйлеген – Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымов. Қазақы жалпақ тілде бұндайды дікеңдеп сөйледі дейді. Бірақ, әкім дікеңдемедім дейді. Сәтжан Қиқымовтың айтуынша “табиғи даусы осы, халық дұрыс түсінбеген”. “Ал қабылдауда болған Антон Федоровтың дәлелсіз кінәлай сөйлегені де дұрыс болмады, сондықтан көпшілік бұл істе біржақтылық танытпаса” , – дейді.

“Бізді сөгіп, акимат крахаборлар. Взяточниктер, сатылған, бәрін сатады, бәрін қырады, – деді. Енді мен жас бала болғаннан кейін «Ты» дегенім рас. Ты отвечаешь за свои слова дедім. Сол «ты» дегеніме мен кешірім сұраймын. Вообще мен қатты сөйлейтін адаммын. Совещание өткізген кезде де қатты сөйлеймін”, – дейді Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымов.

Шын мәнінде оқиға былай болған. Антон Федоров Қапшағайдың бүкіл мәселесін жіпке тізіп айтып шыққан. Сөзін ешкім бөлмеген. Бірақ, оған әкім жауап берген сәтте “сен” деп сөйлеген. Кейбіреу әкімнің дауыс көтеріп сөйлеуі дұрыс емес десе, кейбірі оны әдейі ашуландырып жіберді дейді. Ал облыстық әдеп кеңесі бейнежазбаны қарап, толыққанды зерттеп, қажет болса Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымовтың әрекетіне шара қолданамыз деп отыр.

Бұған дейін әкім мен тұрғын арасындағы әңгімеден шыққан шулы бейнежазба жайлы материал жариялаған едік.

Талқылау