Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағай қаласында саудагерлер бас көтерді

Осы күнге дейін олар жол бойында жайма базар ұйымдастырып, жабайы сауданың көрігін қыздырып келген

jayma-bazaar-osh

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Жаqма базармен күн көріп жүрген саудагерлерді түртпектеп күн бермеген жергілікті билік ақыры барлығын тым-тырақай қуып тыныпты. Отыз шақты кәсіпкер қаладағы өзге базарларға барып сауда-саттық жасауға құлықсыз. Өйткені ондағы жалға алу құны тым қымбат. Қайда барып күн көреміз деген жұрт бүгін айқайға басты.

Айғайға аттан қосып, күні бойы көшені басына көтерген бұл азаматтар жылдар бойы жабайы сауданың көрігін қыздырып келген. Таң атпастан тәртіп сақшылары келіп, көше бойында сауда жасағандарды қуалай бастаған. Ал саудасы тоқтаған жұрт бұған қарсылық білдіріп жатыр.

Қапшағай қаласының қақ орталығын сауда орнына айналдырғандардың басқа базарларға баруға құлқы жоқ. Айтуларынша, ондағы жағдайдың да көшедегіден айырмашылығы шамалы. Яғни, мұндағы сатушылар да тауарларын ашық аспан астында саудалайды. Тазалық та жоқ. Соған қарамастан базар басшылары күніне кемі 500 теңгеден жинайды екен. Сондықтан олар әлеуметтік базар салып беруді сұрап отыр.

Талқылау