Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаным басыма шапты: Сәкен Майғазиев «Ялла» тобының дыбыс режиссерін жағасынан алды

«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев біраз уақыт бұрын болған жайтты еске алды. Айтуынша, ол  танымал өзбекстандық«Ялла» тобының дыбыс режиссерін жағасынан алған.

Сәкен Майғазиев

Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Майғазиевтің сөзінше, мұндай жағдай елімізде болған тойлардың бірінде орын алған. Ал әншінің танымал ансамбльдің дыбыс режжисеріне тап беруіне оның құрметсіздігі себеп болыпты.

«Бір күні өзіміздің «Ялла» тобының ағаларымен, дыбыс режиссерімен кездесіп қалдық. Аты аңызға айналған топтардың бірі. Біздің «Дос-Мұқасанмен» тең ансамбльдердің бірі деп жүгіріп, амандасып жаттық. Сонда дыбыс режиссері тойды ұйымдастырушы азаматтардың біріне келіп: «Қашан біз?» – деді. Сосын ол: «Қазір «Дос-Мұқасан» шығады, сонан кейін сіздер», – деді. Сонда дыбыс режиссері: «Мыналар ма?» – деп сұрады. Менің қаным басыма шапты. Жағасына жармастым. «МузАрттағы» жігіттер куә оған. «Сен кімсің? «Дос-Мұқасан» біздің аңызымыз. Сен неге олай айтасың?» – деп қаным басыма шапты», – дейді әнші.

Өз сөзінде Сәкен мырза шетелдік әншілердің елімізге келіп өнер көрсетуіне қарсылығы жоқ екенін атап өтті. Тек құрмет болса, дейді ол.

«Құрмет жоқ. Келгеннен кейін, ең болмаса құрметтесе екен деген тілек бар. Қазақ халқының даралығын, даналығын, кемеңгерлігін, қонақжайлығын айтып мақтанса екен деймін», – дейді Сәкен Майғазиев.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау