Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтардан бастап еңбекақы жаңа ережеге сай төленеді

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова  мемлекеттік қызметкерлер үшін  еңбекақының  төлену ережесін түсіндірді.

 

акша

 

Оның сөзінше қызметкерлер катерориясына, біліміне, тәжірибесіне,  жауаптылығына  қарай төртке бөлінеді.  А -тобына басқару бөлімінің қызметіндегілері,  В- тобына  негізгі жұмысты атқарушылар, С- тобына  әкімшілік қызметкерлері,  Д- тобына техникалық қызметтерге жауапты азаматтар кіргізіліпті.

«Лауазымы бір қызметкерлерге бірдей жалақы тағайындасақ  біз әділдік  принціптеріне қарсы шығамыз. Қызметкерлерді  осындай төрт топқа бөлгеніміз  өте дұрыс болды деп есептеймін. Әрі еңбек еткеніне қарай ақысы төленетін болады»,- дейді министр Тамара Дүйсенова.

Жаңа ережеге сай түрлі сала қызметкерлерінің жалақылары да жоғарыда айтылған ережеге сай көтерілмекші. Оның ішінде еңбекке қызықтыру үшін тағайындалатын сыйақылар да қарастырылады деп күтілуде.

Талқылау