Қаңтар айында ауа райы қандай болады

Мамандар 2019 жылдың қаңтар айына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

“Казгидромет” мамандарының болжамына сәйкес, қаңтар айында оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік шығыста орташа ауа температурасы қалыптан 1°С-қа жоғары болады. Өзге аймақта қалыпта жуық болады.

Бұл айда жауын-шашын мөлшері қалыпқа жуық және көп болады. Павлодар облысы мен Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қалыптан аз болады.

Алғашқы онкүндікте солтүстік-шығыс, орталық аймақта суық ауа ағындары сақталады.

Термометр бағаны 25-30 градуса дейін төмендейді, кей жерде 35 гражусқа дейін түседі. Күндіз 15-20, кей жерд 25 градус суық болады.

Ал, батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстікте жылы ауа ассаларына байланысты күн жылы болады. Күндіз 0-5 градус, кей жерде 5 градус суық болады. Түнде 2-7, кей жерде 12 градустық суықты көрсетеді.

Ай бойы республиканың басым бөлігінде ауа райы жылы болады. Тек үшінші онкүндіктің басында күн суыта бастайды. Синоптиктер ауа райының өзгеруіне байланысты болжамға өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін айтады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр