"Қанша уақыт керегін білмеймін": Дәрігерлер 476 күннен бері ес-түссіз жатқан сәбидің жағдайы туралы айтты

Анасы шырылдаған баласының жансақтау бөлімінің төсегіне таңылуына мойнына массаж жасаған жергілікті дәрігерді кінәлап отыр. Ақ халаттылар баланың қазіргі жағдайы туралы айтып берді. 

Alt

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Кәрім ұлттық нейрохирургия орталығына өткен аптада жеткізілді. Ел арасында өмірі үшін арпалысқан нағыз батыр сәби атанып кетті. Дәрігерлер ол санавиациямен жеткізілгендіктен жағдайының нашарлап кеткенін айтады. Ал анасы сәбиінің сауығып кетуінен еш үміт үзбейді. 

476 күн ес-түссіз жатқан сәбиді осылайша ұшақпен абайлап аса сақтықпен Нұрсұлтан қаласына жеткізуге тура келді. Күрделі отаны жасауға мұндағы дәрігерлер қазірден дайын. Тек кішкентай Кәрімнің жағдайы сәл тәуірленсін деп отыр. Өйткені санавициямен жеткізілген соң баланың жағдайы одан сайын нашарлай түскен. 

"Қанша уақыт керегін қазір айта алмаймын. Мойын жұлынына зақым келген. Бір дәрігер көмектесеміз деп уқалап, бірнәрсе жасаған. Содан кейін бе? Әлде басқа бірнәрсе болды ма? Дәл қазір оны анық білмеймін", - деді Ұлттық нейрохирургия орталығының медициналық директоры Талғат Пазылбеков. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Павлодарда мануалды терапевтен ем алған сәбидің 476 күннен бері комада жатқаны туралы хабарладық. Сондай-ақ, кейін оған Нұр-Сұлтанда ота жасалатыны туралы белгілі болды. Ал мануалды терапевт Қазақстанның өзге өңірлерінде жұмысын жалғастырып жүр. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр