Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қанша күттік”: Қайрат Түнтеков тыңдармандарын екі бірдей әнімен қуантты (видео)

Жол апатына түсіп, 4 жыл сахнадан жырақта болған Қайрат Түнтеков тыңдарманын ұзақ күттірді. Ел көзінен тасада болса да, халық Қайратты ұмытқан жоқ. Оған қайта-қайта хат жазып, өнер әлеміне қайта оралуын сұрады. Ақыры Түнтеков жанкүйерлерімен қайта қауышты, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Қайрат Түнтеков

Келе салысымен “Ұшқан бағым” атты жаңа әні мен бейнебаянын ұсынды. Отандық I am a Singer жобасына қатысып, жеңімпаз атанды. Алайда осымен Түнтековтің шығармашылығы қайта тоқтап қалғандай көрінді.

Бірақ та Қайрат уақытын текке өткізбепті. Көптің сүйікті әншісі қатарынан бірнеше ән жазып, тыңдармандарына ұсынды. Елді көп күттірген қос трек “Осы толқында” және “Тек сені” деп аталады. Оның бірін Қайрат үлкен алаңда, “Гәкку дауысы” фестивалі кезінде орындап үлгерді.

“Ақыр дегенде шықтың-ау”, “Көп күттік Қайратжан”, “Өте керемет”, “Міне нағыз Түнтековтің стиліндегі ән”, “Жиі-жиі шығып тұршы”, – деп қуанды тыңдармандар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау