Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қанын сорып, өкпе-бауырын жеп кеткен: Атырау облысында белгісіз жыртқыш аң ұсақ малды қырып тастаған

Атырау облысында белгісіз жыртқыш аң тұрғындардың қорасына кіріп, ұсақ малдардың жіліншегінен тістеп құлатып, қанын сорып, өкпе-бауырын жеп, қырып кеткен. Тұрғындардың бірі малдарға шабуылдаған белгісіз аңды ұялы телефонына түсіріп алыпты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Томарлы аулында бұл жағдай өткен желтоқсан айында басталған. Ауыл тұрғындары белгісіз жартқыштың таңғы уақытта шабуылдайтынын айтады. Олардың сөзінше, ол ұсақ малдардың жіліншегінен тістеп құлатып, қанын сорып, өкпе-бауырын жеп кетеді екен. 

«Қораның ішінде ырылдағандай болды. Жалғыз өзім болған соң, қорықтым.Айыр алып келемін дегенше кетіп қалыпты», - дейді тұрғындардың бірі Қайыржан Мұхамбедұлы. 

Бір түнде 9 ешкісінен айырылған Қали Жұмашев мал түгілі, кеш түссе өзіміз далаға шығуға қорқып қалды дейді. 

«Қолыма айырды алып, жануарды қудым. Ол маған шапқан жоқ. Бірақ ырылдады. Ырылдаған соң, оның ит емес, басқа жануар екенін ұқтым. Оны айырмен өлтірдім. Сыртқа шығып қарасам, ешкілерімнің бәрі өліп жатыр. Мал дәрігерін шақырып, оған тексеруі үшін, итті бердім», - дейді Қали Жұмашев.

Мал дәрігерлерінің сөзінше, белгісіз жыртқыш жабайы ит көрінеді. Оған құтыру ауруына қарсы сараптама жасалып, нәтижесі таза болып шыққан.

«Атырау облыстық мал дәрігерлік зертханасына жабайы иттің құтыру ауруына қарсы бас миын тексеруге бердік. Оң нәтиже көрсетті. Өлекселерін жойдық», - дейді Қайыршақты ауылдық округінің мал дәрігері Қайса Есқалиев.

Ал жыртқышты қолына түсірген ауыл тұрғыны мұнымен келіспейді. Өйткені ол жыртқыштың мысықтан ірілеу, иттен кішілеу хайуан екенін айтады. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр