Қаңғыбас ер адам студияға кіріп келіп, жүргізуші қызды аймалап сүйе жөнелді

Аустралияда радиостанцияға басып кіріп, бағдарлама жүргізушісі Джен Фрикерді сүйе бастаған қаңғыбас ер адам тұтқындалды.

Қаңғыбас ер адам студияға кіріп келіп, жүргізуші қызды аймалап сүйе жөнелді

Бұл туралы The Sydney Morning Herald басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Артынша анықталғандай, ер адам Аустралияның Australian Broadcasting Corporation (ABC) қоғамға хабар тарату корпорациясының ғимаратына кіріп кеткен. Ол корпорация қызметкерлерінің бірінің соңынан ілесіп жүріп, күзетшілердің көзіне түспепті.

Осылайша ол студияға кіріп кетіп, жүргізуші қызды аймалап сүйе бастаған. Артынша қаңғыбас ізін суытқан.

Біраз уақыттан кейін құқық қорғаушылар 31 жастағы күдікті Кирен Галлахерді вокзалда ұйықтап жатқан жерінен ұстады. Ер адамға адамды аңдып, ғимаратқа заңсыз кіріп, шабуыл жасады деген айып тағылып отыр.

Жауап алу кезінде ер адам ашуланып, қатты қобалжыған. Қазіргі уақытта ол сот-психиатриялық сараптамадан өтіп жатыр.

ABC корпорациясының мәліметінше, зардап шеккен бойжеткенге тиісті көмек көрсетілген. Ендігі компания ғимараттағы қауіпсіздік шараларын арттырмақ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар