Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қаңғыбасқа тіс жуғыш паста қосылған печенье беріп мазақ еткен блогер түрмеден бір-ақ шықты

Испаниялық YouTube-блогер Кангуа Рен үйсіз-күйсіз жанды мазақ еткені үшін 15 айға түрмеге қамалды. Ол ер адамға моральдық зиян келтірді деп танылған.

The New York Times мәліметінше, сонымен қатар сот Ренді ер адамға 20 мың еуро (8 млн 600 мың теңгеден аса) төлеуге міндеттепті. Сондай-ақ, Барселона соты пранкердің YouTube-арнасы мен әлеуметтік желілердегі парақшасын 5 жылға жабу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Десе де Кангуа Рен түрмеде бір күн де отырмауы мүмкін. Себебі Испания заңы зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ қылмысты алғаш рет жасағандар мен 2 жылдан аз уақытқа сотталғандарға бас бостандығынан айыру жазасын шартты түріне алмастыруға мүмкіндік береді. 

Еске сала кетсек, пранкер Oreo печеньесіндегі ақ түсті крем салмасын тіс пастасымен алмастырып, оны қаңғыбас ер адамға екі рет жегізген еді. Нәтижесінде ер адам өзін нашар сезінген. Сонымен қатар блогер үшінші видео түсіріп, онда бір күнін үйсіз-күйсіз ер адаммен бірге өткізбек болады.

Артынша өзіне қауіп төнгенін білген блогер қаңғыбасқа 300 еуро ( 120 мың теңгеден аса) беріп істі жаппақ болған.  Алайда ер адам одан бас тартады.

Сот ісі барысында блогердің жарнамадан 2 мың еуро (860 мың теңгеден аса) көлемінде ақша тапқаны белгілі болды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр