Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Канелоның” промоутері: Екеуінің тең түскені әділетсіздік болды

Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес Геннадий Головкин мен Канело Альварестің арасындағы кездесу өз жалғасын табу керек деген пікірде.

Сурет: Головкиннің жеке парақшасынан

Бұл туралы BoxingScene.com басылымы хабарлайды.

“Меніңше, Канело жеңіске жетті. Алғашқы үш раунд соның еншісінде. Төртінші және сегізінші раунд арасында оның шаршап қалғаны рас. Десе де, ол алтыншы раундта жеңіске жетіп, Головкинді сабасына түсірді. Көптеген жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері екеуінің тең түскендері дұрыс екенін айтып жатыр. Мұнымен қатар, GGG жеңіске жетті деп ойлап жүргендер де бар. Канело жеңді дейтіндер де аз емес. Екеуінің тең түскеніне өзім де таңқалып тұрмын. Бұл екі мықты боксшының маңызды кездесуі еді. Оның үстіне екеуі де “тай-брейкқа” лайық, – дейді Гомес.

Осы уақытқа дейін Канело мен Головкиннің келер жылдың мамыр айында жұдырықтасулары мүмкін екені айтылған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ қызы америкалық қарсыласын бірінші раундта тізе бүктірді

Азия ойындарының тоғызыншы күні Қазақстан 16 медаль иеленді

V Азия ойындары: Қазақстан бір күнде бес “алтын” иеленді

“Канело” Альварес Мексикада жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір миллион доллар аударады (фото)

Талқылау