Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Канелоның” допинг-тесттен өтпегені белгілі болды

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Альварестің допинг-тесттен өтпегенін айтты.

"Канелоның" допинг-тесттен өтпегені белгілі болды

Промоутердің айтуынша, Головкин-Канелоның екінші жекпе жегінен соң VADA ойда жоқта Головкинді сынамадан өткізген. Бұл тесттен “Канело” да өтуі тиіс болған. Алайда ертесі күні сынама тоқтатылып, Альварестен тест алынбаған. Бұл жағдай промоутердің күмәнін туғызды.

Осыдан соң шетелдік БАҚ “Канелоның” сынамадан өтпегенін жазып сынады.

Кейіннен Том Леффлер Канело бас тартқан үшін емес, VADA өз шешімімен сынаманы тоқтатқанын айтты. Алайда бұрындары тестті тоқтату деген болмаған.

Айта кетейік, екі спортшының алғашқы жекпе жегінен соң Канелоның ағзасынан допинг табылып, ол 6 айға шеттетілген еді. Қыркүйек айында өткен қарымта кездесуді Альварес жеңіске жетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау