Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Канелоның» бапкері оның Головкиннен басты артықшылықтарын атады

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің бапкерлерінің бірі Эдди Рейносо өз қарамағындағы боксшы мен қазақстандық Геннадий Головкиннің стильдерін салыстырды.

«Канелоның» бапкері оның Головкиннен басты артықшылықтарын атады

Бұл туралы Sports.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Головкин тәрізді боксшылар тек алға жүре біледі. Олардың басқа әдісі жоқ. Ал Саульдің дарындылығы – жұдырықтасу. Ол соққы беріп, контрпанч жасап, шаршы алаң бойынша қозғалып, жалған қозғалыстар жасайды… Саульдің өзін көрсете алатын көптеген қасиеті бар», – дейді Рейносо.

Айта кетсек, Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау