Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Канело» мен Головкиннің үшінші айқасы қашан, қай жерде болады: Мексикалықтың промоутері өз ұсынысын айтты

Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы айқастың үшінші бөлігін өткізуге келіссөз жүргізудің басталғанын хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Канело» мен Головкиннің үшінші айқасы қашан, қай жерде болады: Мексикалықтың промоутері өз ұсынысын айтты

Мексикалық спортшының командасы үшінші жекпе-жекті демалыс уақытында, Лас-Вегастағы Cinco de Mayo мерекесіне орай өткізуге қызығушылық білдіріп отыр. Бұған дейін олар «Канелоның» 4 мамырда рингке оралуды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.

«Өткен кешке мен Головкиннің командасымен алдын ала келіссөздер жүргіздім. Біз үшінші айқасты Лас-Вегаста бокстың ең маңызды күні болып табылатын «Синко де майо» мерекесінде өткізуге ұсыныс жасадық. Сондықтан біз келіссөздерді бастаймыз. «Канело» кез келген адаммен жұдырықтасуға дайын. Және олардың үшінші айқасы – бұл нақты мүмкіндік. Қазір келіссөздер басталды, енді оның қайда апаратынын көреміз», – дейді Де Ла Хойя ESPN Houston радиосына берген сұхбатында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр