Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Канело» Головкинмен жекпе-жек алдындағы дайындықтың құпиясын ашты

Мексикалық боксшысы Саул Альварес Worldboxingnews.net сайтына орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинге қарсы өтетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын айтып берді.

«Канело» Головкинмен жекпе-жек алдындағы дайындықтың құпиясын ашты

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Канело» Мексиканың Тәуелсіздік күнінде өтетін қарымта кездесуге қатты дайындалып жатқан көрінеді.

Мексикалық боксшы аптасына алты рет, дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы сағат 6-да тұрып жүгіреді. Сонымен бірге дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 2: 30-дан 5: 00-ге дейін арқан тартып, қаппен және стратегия бойынша жұмыс жасап, жаттығу залында жаттығады.

Ал, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері 2: 30-да спринг сеансына барады екен. Сондай-ақ, Альварес  тауық, балық және көкөністерден тұратын диета ұстайды.

Мексикалық боксшы осы аптада тренингтің төртінші және спаррингтің үшінші аптасын аяқтайды. Альварес лагерде тағы 5 апта спарринг әдісі бойынша жаттығады және осы аптада спаррингтің 66 раундын аяқтайды.

Айта кетейік, бұған дейін Головкин мен Альварестің түсірілім кезінде төбелесе жаздағанын хабарлаған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин-“Канело” қарымта кездесуі осы жылдың 15 қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау