Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Канело" Джейкобсты жеңіп, тағы бір белбеуді қанжығасына байлады

WBC және WBA (Super) нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес америкалық қарсыласы Дэниэл Джейкобсты жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өткен бокс кешінің ел асыға күткен кездесуі болды. Шаршы алаңдағы кездесу 12 раундқа созылып, төрешілер бірауыздан жеңісті мексикалыққа берді - 116:112, 115:113, 115:113.

Осылайша Альварес үшінші чемпион белбеуін иеленді. Олар мұның алдында Геннадий Головкинге тиесілі болған еді.

Орта салмақ дәрежесінде абсолют чемпион атану үшін  «Канело» енді WBO нұсқасы бойынша титулды иеленуі тиіс. 


 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр