Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кандидат науқан басталмай жатып ас беріп, қариялардың уәдесін алып қойған

Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлімдеді. Алайда олардың біреуінің ғана заңсыздығы дәлелденіп, сайлаудан шеттетілген.

14vybory-1str

Сурет: azh.kz 

Бұл туралы oinet.kz хабарлайды.

“Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңын бұзғандар Қанжігіт Сыздық, Әнуарбек Маймақов, Шералы Қаныбеков болып тұр. Бірақ, Қ.Сыздықтан басқасына біз әлі шешім қабылдаған жоқпыз”, – деді Ә.Өмірәлиев.

Төрағаның айтуынша, Мақтарал ауданындағы №27 Атакент сайлау округінен облыстық мәслихат депутаттығына «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған үміткер Шералы Қаныбековтің кандидатурасын алып тастау туралы облыстық сайлау комиссиясына арыз түскен. Арызданушы Бескемпірова «нұротандықтың» жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау науқаны басталмай тұрып, үш жерде ас беріп, ақсақалдардың өзін қолдап дауыс беретіні туралы уәделері мен ризашылығын алғандығын жеткізген. Қаныбеков «Әділет» газеті бетінде де мерзімінен бұрын үгіт-насихат жұмыстарын бастап жіберген екен.

“Арызды қарап жатырмыз. Бұл мәселе бойынша шешім қабылдау үшін облыс прокуратурасына тиісті сараптама жұмыстарын жүргізіп, бізге ұсыныс беру жөнінде хат жолдағанбыз. Жауап күтіп отырмыз, бір-екі күнде нақты шешім қабылдаймыз”, – дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.

Шымкент қаласындағы №33 сайлау округінен облыстық мәслихат дептутаттығына кандидат Нұрмахан Жолдасовтан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов пен облыстық сайлау комиссиясы төрағасының атына аталған округтан түсіп жатқан облыстық балалар аураханасының бас дәрігері Әнуарбек Маймақовтың «Сайлау туралы» заңды бұзғандығы жөнінде арыз келіп түсіпті. Онда 23 ақпан күні сағат 23-тер шамасында Маймақовтың көше бойына үгіт-насихат құралдары жапсырылғандығы айтылады. Заңбұзушылықтарды растайтын куәгерлердің айтуымен түзілген акт қоса тіркелген.

“Арыз 24 ақпанда түсті. Жан-жақты сараптамадан өткізіп, заң талаптарына сай қараймыз. Әлі уақыт бар, 5-7 күн іішнде тиісті шешім қабылдаймыз. Егер дәлелденсе, заң бұзған үміткердің кандидатурасын алып тастау туралы шешім шығарамыз”, – дейді Өмірәлиев.

Ал, Отырар ауданында №30 сайлау округінен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Серік Ибадулаевтан аталған сайлау округіне тіркелген Қанжігіт Сыздықтың кандитурасын алып тастау туралы арыз келіп түскен. Ол «Ауыл» ХДПП-ның партиялық тізімімен Түркістан қаласындағы №18 сайлау округінен облыстық мәслихатқа үміткер ретінде ұсынылып, 13 ақпанда тіркелген. Араға бес күн салып Отырар ауданындағы №30 сайлау округіне де құжат тапсырған. 19 ақпан күні ол «Ауыл» партиясының саяси кеңесінің шешімінсіз өзінің жеке арызы негізінде №18 сайлау округінен құжаттарын қайтарып алыпты. Сол күні №30 сайлау округіне тіркелген.

“Бұл жерде Қанжігіт Сыздық «Сайлау туралы» заңның екі бірдей бабын бұзып отыр. Біріншісі – аталған заңның 103-бабының 5-тармағында бір үміткер екі жерге ұсынылмайтындығы анық жазылған. Екіншісі – саяси партияның тізімімен ұсынылып тіркелген үміткердің кандидатурасы сол саяси партияның шешімі бойынша қайтарылып алынады. Осындай өрескел заңбұзушылықтар дәлелденіп, 23 ақпанда облыстық сайлау комиссиясының отырысында Қанжігіт Сыздықтың кандидатурасын алып тастау туралы шешім шығардық. Орталық сайлау комиссиясы бізді қолдап, №30 Отырар сайлау округіне ұсыныс бердік”,– дейді төраға.

Талқылау