Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қандай өзгеріс болады: Жұмаға сәйкес келетін 13 шілдеде күн тұтылады

Биыл қыс кезінде екі рет күн тұтылды. 13 шілде күні жазғы күн тұтылу болады.

Ақтөбелік астролог бұл күндердің басқа күндерден қандай айымашылығы бар екенін айтты, деп жазады Диапазон.

«13 шілде күн жартылай тұтылады. Яғни, Ай Күнді жартылай жабады. Қазақстанда ол көрінбейді. Көп адам ашушаң, ренжігіш болып кетеді. Күн тұтылған кезде ешкіммен ренжіспей, ұрыспай, өтірік айтпай жүрген абзал. Бұл күнді тыныштықта өткізген жақсы», – дейді астролог Ольга Лазебная.

27 шілде күні ХХІ ғасырдағы Айдың ең ұзақ тұтылғанын және қанды көрінісін көруге болады.

«27 шілдеде түнгі 23:30 тұтылу басталып, 3:30-да аяқталады. Мұны қанды Ай деп атайды. Өйткен Ай Жердің көлеңкесіне келіп, сары-қоңыр түсті болады. Бұл күні жарақат алу көп болады. Көлік жүргізушілеріне сақ болған абзал», – дейді астролог.

Тоқты, Арыстан, Мерген белгісіндегілердің жұмысында өзгеріс болуы мүмкін.

Торпақ, Бикеш, Тауешкі үй жиһаздарын өзгертіп, жөндеу жұмысын қолға алады.

Егіздер мен Таразы, Суқұйғыштар несие, қарыз алмауға тырысу керек. Шаян, Сарышаян, Балықтардың көңіл-күйі артып, шығармашылығына қатысты жаңа идеялар тууы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау