Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі Алматыда өтеді

2016 жылдың 29 қазанында кәсіпқой боксшы Қанат Ислам WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін Қазақстанда жекпе-жек өткізеді.

13663511_949886055137184_1008166233_o-e1470041036926

Бұл туралы “Жас Қазақ” басылымы хабарлайды.

Жекпе-жек “ЖЕРСУ” корпарациясының бас демеушілігімен Алматы қаласында ұйымдастырылады. Боксшы үшін бұл – өте жауапты әрі көптен күткен кездесу болмақ. Енді Қанаттың кездесуін көру үшін жанкүйерлер құрлық аспай-ақ, қазан айында Алматыға келеді.

Қанаттың қарсыласы кім екенін жақын күндері жарияланбақ. Айта кетейік, Қанат Ислам – WBA Fedecaribe тұжырымының чемпионы, осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Бұған дейін Қанат Исламның Америкаға барып қаржылай табысқа кенелмегені туралы және оның WBS рейтінгінде үздік бестіктің қатарына кіргені жайлы да жазған болатынбыз. Ол сондай-ақ, жуырда болатын олимпиада ойындарындағы боксшылардың мүмкіндігі туралы да пікір білдірген.

Талқылау