Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Исламның қарсыласы кім екені белгілі болды

29 қазанда Алматы қаласында үлкен бокс кеші өтеді. Онда қандасымыз Қанат Ислам 22-ші жекпе-жегін өткізіп, WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады.

20160905123636

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Қанат Ислам орта жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Ол осы уақытқа дейін  21 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан. Спортшының лақап аты – «Қазақ».

Бүгін Қанат Исламның өзімен хабарласып, қарсыласының кім екенін сұрап білдік.

«Қарсыласым туралы сырттай жақсы білемін. Ол ганалық боксшы. Есімі – Патрик Аллотей.  Ол кәсіпқой бокста осы уақытқа дейін 36 кездесу өткізіпті. Оның екеуінде ғана ұтылып, қалған жекпе-жектерінің барлығында жеңіске жеткен. Ал 24 кездесуінде қарсыласын нокаутпен ұтқан боксшы», – деп атап өтті Қанат Ислам.

Ол сондай-ақ, Алматыда жекпе-жекке аса жоғары деңгейде жаттығып жатқанын, өз елінде жергілікті жанкүйерлерді ұялтпайтындай өнер көрсететінін айтып өтті.

«Қарсыласым осал емес. Ол да «жеңсем» деген ниетпен келе жатыр. Бірақ, мен кәсіби рингте алғаш рет өз елімізде жергілікті жанкүйерлер алдында шаршы алаңға шыққалы отырмын. Мен оларды ұятқа қалдырмаймын деп ойлаймын. Алматыда күндіз-түні жаттығып жатырмын. Қазір жұмыс жоспарым бәрі ойдағыдай», – деді боксшы.

Сонымен бірге, Қанат Ислам жанкүйерлерін 29 қазанда  жекпе-жек өтетін «Almaty arena» спорт кешеніне шақырды.

«Бұл жекпе-жек мен үшін ғана емес, қазақ елі үшін аса маңызды деп ойлаймын. Себебі, WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласқалы отырмын. Сондықтан, 29 қазан күні барлық жанкүйерлеріміді жарыс өтетін Алматы қаласында «Almaty arena» спорт кешеніне келіп, менің өнерімді тамашалауға шақырамын», – деді боксшы Қанат Ислам.

Жіберіп алмаңыз:

Қанат Ислам WBA рейтингінің үздік бестігіне енді

Қанат Ислам: Биыл біздің боксшылар Риода алтын медальдар саны жағынан тарихи рекорд жасайды

Қанат Ислам Головкинмен жекпе-жекке шығуға түбегейлі қарсы

Әбдрайымов пен Айбасов боксшы Қанат Исламнан сабақ алды (фото, видео)

Қанат Ислам: Америкаға барып бір тиын тауып көрмеппін

Талқылау