Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Исламның алғашқы ұстазынан тәлім алған тағы бір қазақ боксшысы Қытай чемпионы болды (фото)

Қанат Исламның алғашқы ұстазынан тәлім алған тағы бір қазақ жігіті Қытайды дүр сілкіндіріп, кәсіпқой бокстан ел чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20161112113358

11 қараша күні Шанхайда қазақ жігіті Елшат Ниғматуллин WBO нұсқасы бойынша өзінің чемпиондық белбеуіне қол жеткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161112113329

Гуандун провинциясынан келген Се Чжучуанмен болған 8 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер қабылдаған шешім бойынша (75:70; 75:70;75:70) қазақ жігіті мықты деп танылды. Бұл оның кәсіпқой рингтегі 9-шы жекпе-жегі. Ол барлық кездесуде де жеңіске жете алған.

20161112110523

“Енді маған әлемдік деңгейге шығуға жол ашылды. АҚШ-қа бару мүмкіндігі де бар”, – деді Елшат.

Еске сала кетсек, Қытай елінде көптеген кәсіпқой бокс чемпиондары Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы, Алтай округі, Қаба өңірінен шығады. Ол жерде Мұрат Бошайұлы есімді азамат былғары қолғап киген жастарды дайындаумен айналысады. Ол тек Елшат Ниғматуллин мен Бейсен Насиуллаұлы ғана емес, Қанат Исламға да үлкен спорттың әліппесін үйреткен.

Бұған дейін Головкиннен аумайтын қазақ жігітінің де Қытай елінде чемпион атанғанын хабарлаған едік.

Оқи отырыңыз:

Шығыс Қазақстанда 8 жасар қызды өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті

Ер адам үш метрлік кобраға үйленді

Facebook Марк Цукербергтің қайтыс болғаны туралы хабарлады

Жол сақшысының жүргізушілерге қоқан-лоқы көрсетуі көпшіліктің ызасын келтірді (видео)

Талқылау