Қанат Ислам жылдың үздік спортшысы атанды

Сейсенбі, 29 Желтоқсан , 2015 13:18

«Қазақстан» ұлттық арнасы жариялаған «Жыл таңдауы – 2015» байқауы бойынша қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам «Жылдың үздік спортшысы» атағына ие болды.

1427179292_kanat-islam-2

Бұл туралы  «Қамшы» сайты хабарлайды.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламұлы WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Яғни, Қанат Ислам орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі. Әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы.

2010 жылы азаматтығын ауыстырып, атамекені Қазақстанға көшіп келіп “Астана Арландары” кәсіби клубының мүшесі болып 2012 жылға дейін өнер көрсеткен. Қазір кәсіпқой боксшы, Нельсон промоутерлік клуб атынан шығып, 12 жекпе жек өткізген және барлығында нокаутпен жеңіске жеткен. Лақап аты – Қазақ.

Майами қаласында жаттығады. Қанат Ислам қазір Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ережесі бойынша әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндігі бар.
Қараша айында Қанат кәсіпқой бокстағы жиырмасыншы кездесуін Майами қаласында доминикандық боксшы Джонатан Батистамен өткізіп, бірінші раундта-ақ жеңіспен аяқтаған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар